Ссылки доступа

Қырғыз президенті мен ҰҚКҰ бас хатшысы терроризмен күрес мәселелерін талқылады


Almazbek Atambayev and Nikolay Bordyuzha

Almazbek Atambayev and Nikolay Bordyuzha

Қырғыз президенті Алмазбек Атамбаев Ұжымдық Қауіпсіздік Келісімі ұйымының бас хатшысы Николай Бордюжаны қабылдады.

Кездесу барысында тараптар ұйымның қызметі мен ҰҚКҰ елдерінің сытқы істер, қорғаныс министрлерінің 13-14 қазанда Ереванда өтетін кеңесіне дайындық барысы сөз болды.

Атамбаев пен Бордюжа халықаралық терроризм мен экстремизмге қарсы күрес жоспарын талқылады.

Бордюжа Қырғызстанға үш күндік сапармен барды. Ол мұнда Қырғызстан Қарулы күштері Бас штабының басшысы Райымберді Дүйшенбиевпен, Қорғаныс министрінің хатшысы Темір Жұмақадыровпен кездеседі.

3 қыркүйекте Бордюжа Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ресми ашылу салтанатына қатысады және 1916 жылғы құрбандар Мемориалына барады.

XS
SM
MD
LG