Ссылки доступа

АҚШ санкияға іліккен ресейліктер тізімін ұлғайтты


Ресейдің 2014 жылы Қырымның аннекциясы мен Украинаның шығысындағы сепаратистерді қолдауына қатысқан тағы 37 адам және компания АҚШ-тың "қара тізіміне" енгізілді.

"Қаржы министрлігі біздің әріптестермен бірге Ресейдің халықаралық құқық ережелерін бұзғанын айыптайды, біз Украинаның тәуелсіздігіне, біртұтастығына, бейбітшілігі мен тұрақтылығына қауіп төндіргендерге санкция жариялауды қолдаймыз", - деді халықаралық активтерді бақылау бөлімінің басшысы Джон Смит.

Хабарларға қарағанда, АҚШ қара тізімге Қырымда жұмыс істеген бірқатар ресейлік компанияларды енгізді. Бұған қоса санкция Украинаның шығыс бөлігіндегі сепаратистердің алты өкіліне, Қырымдағы 11 шенеунікке жарияланды.

XS
SM
MD
LG