Ссылки доступа

Атамбаев: Путин 1916 жылғы оқиға құрбандарына арналған «Ата-Бейіт» ескерткішіне барады


Ресей президенті Владимир Путин 1916 жылғы оқиғаның құрбандарына арналған «Ата-Бейіт» комплексіне баруды жоспарлап отыр. Осылай деп Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев «Үркүн» мемориалының ашылу салтанаты кезінде айтты.

Оның сөздерінше, Ресей президенті Бішкекте 15-16 қыркүйек аралығында өтетін ТМД елдері мемлекет басшыларының мерейтойлық саммитіне қатысу үшін келеді.

Еске сала кетейік, 1916 жылы қырғыз халқы Ресей патшалығының держава құру саясатына қарсы шықты. Халықтың ашу-ызасын туғызған 1916 жылғы 25 маусымдағы Түркістан тұрғындарының 19-43 жас аралығындағы ер азаматтарды әскери-тыл жұмысына жегу жөніндегі бұйрығы еді.

Ұлт азаттық көтерілісті патша әскері басып тастады. Қырғыз елінің Шу, Ыстық көл және Нарын облысының тұрғындары көрші Қытай еліне қашуға мәжбүр болды. Тарихшылар мәліметі бойынша, аталған аймақтың халқының саны 40 пайызға қысқарды.

Совет заманында бұл тақырыпты көтеруге тыйым салынды. Сол себептен де 1916 жылғы оқиға күні бүгінге дейін тарихи бағасын алмай келді.

XS
SM
MD
LG