Ссылки доступа

Путин: Жапониямен даулы жерге байланысты келісімге келуге болады


Ресей президенті Владимир Путин Жапониямен арадағы Оңтүстік Курил аралына қатысты даулы жерге байланысты келісімге келуге болады деді. Ол бұл жөнінде 2 қыркүйекте Владивостокта өткен Шығыс экономикалық форумда Жапония премьер министрі Синдзо Абэмен кездесу кезінде айтқан.

Солай дей тұра, Путин Ресей аумағын Жапонияға беру мүмкіндігін жоққа шығарды. "Біз аймақты саудаға салмаймыз", -деп атап өткен ол, мәселе екі тарап та жеңген, жеңілген сезімде болмайтындай жолды іздеу керек деді.

Таяуда жапониялық БАҚ егер Оңтүстік Курил аралын Ресей Жапонияға беретін болса, Токио тұрғындарды көшірмей, сол аймақта қала беруді үсынады деп жазған болатын. Осының алдында белгілі болғандай, Жапония Курил аралындағы даулы жер мәселесінің шешімі табылмаса да, Алыс Шығыстағы ресейліктерге экономикалық көмек көрсететінін мәлімдеді.

Екінші дүниежүзілік соғыстың аяғында ССРО-ның Жапонияның Курил тізбегіндегі төрт аралды тартып алуы күні бүгінге дейін екі елдің қарым-қатынасын қиындатып келеді. Әлі күнге дейін бұл жерге қатысты бейбіт келісім жасалған емес.

XS
SM
MD
LG