Ссылки доступа

Бердымухамедов Түркіменстанда алаң мен саябақтарға Ислам Каримовтың атын беруге уәде берді.


Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердымухамедов 3 қырқүйекте Самарқанда өзбек лидері Ислам Каримовты соңғы сапарға шығарып салу рәсіміне қатысып, сөз сөйледі.

Ол көрші елдің халқына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтып, Каримов халқын, отанын қатты жақсы көрді, елдің дамуы мен гүлденуіне көп жұмыстар жасады деді.

«Оның жаны кең болатын, нағыз патриот, ұлы саясаткер және мемлекеттік қайраткер болды. Оның барлық бастамалары үнемі халықаралық аренада қолдау табатын», - деген Бердымухамедов, «Ислам Каримов өзінің сөздерінде әрдайым елдердің арасында сенім болу керек дегенді жиі айтатын. Міне осы біз бағалауға тиісті нағыз байлық» деп атап өтті.

Ол сонымен бірге Түркіменстанда Каримовты барлығы жақсы көретін деп, еліндегі алаң және саябақтарға Өзбекстанның тұңғыш президентінің атын беруге уәде берді. «Бұл тек ғана елдің астанасына ғана емес, барлық елді-мекендерге де қатысты болады», - деді Бердымухамедов.

XS
SM
MD
LG