Ссылки доступа

Обама: Ресеймен Сирия жөнінде келіссөзге келу қиын


Құрама Штаттар «қайшылықтардың қиындығынан» Ресеймен Сириядағы жағдайды реттеуге байланысты келіссөзге келе алмайды, деп мәлімдеді АҚШ президенті Барак Обама жексенбіде.

Обаманың сөздерінше, екі ел Сириядағы соғысты тоқтату үшін жасалыну керек нақты шарттар бойынша келісімге келе алмады. Қандай топтарға әуе соққысын жасау керек деген мәселе бойынша қайшылықтар туындап, сол күйі шешілмей қалды дейді ол. Алайда Обама Мәскеу мен Вашингтон арасында келіссөздер жалғасатынын атап өтті.

Сириядағы азаматттық соғыс 2011 жылдан бері жалғасып келеді. Құрама Штаттар мен Ресей жанжалды реттеуге және аймақтағы радикалды исламмен бірлесіп күресуге тырысып келеді.

АҚШ Сирияның ұстамды оппозициясына қолдау көрсететін топқа Ресей әуе шабуылын жасап келеді деп бірнеше рет айыптаған.

XS
SM
MD
LG