Ссылки доступа

Туск: Еуропа одағының босқындарды қабылдау мүмкіндігі шегіне таяды


Еуропа кеңесінің төрағасы Дональд Туск бүгін «Үлкен жиырмалық» саммитінде халықаралық қауымдастықты Еуропадағы көші-қон дағдарысын шешуге атсалысуға шақырды. Оның сөзінше, Еуропа одағының жаңа босқындарды қабылдау мүмкіндігі сарқылуға таяған.

Туск әңгіме Сириядан қашқан босқындарға ғана қатысты емес деп мәлімдеген. Әлем бойынша босқындар мен бір елден екіншісіне көшіп-қоныстанып жүрген адам саны 60 миллионнан асқан. Еуропа кеңесінің төрағасы G20 саммитіне қатысушы елдерді адамдарды өз тұрғын-мекенінен кетуге мәжбүрлейтін себептерді жоюға шақырған.

Оның сөзінше, АҚШ, Қытай және Ресей тәрізді Сириядан босқындар көп бармаған елдер Сирияға гуманитарлық және экономикалық жәрдемді ұлғайтуы тиіс.

2015 жылы Таяу және Орта Шығыс пен Африкадан барған миллионнан аса босқын Еуропадан баспана сұраған.

XS
SM
MD
LG