Ссылки доступа

АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Даниель Розенблюм Өзбекстанға барады


АҚШ мемлекеттік хатшысы көмекшісінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша орынбасары Даниель Розенблюм жұмыс бабымен Өзбекстанға бара жатыр.

Сапар барысында ол ресми өкілдермен кездесіп, екі ел арасындағы қарым-қатынастың жағдайы мен болашағын талқылайды. Тараптар халықаралық және аймақтағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасады, деп хабарлады АҚШ-тың Өзбекстандағы елшілігі.

Еске салайық, бұған дейін америкалық дипломат Өзбекстанда биыл сәуір айында болып, өзбек сыртқы істер министрі Абдулазиз Камиловпен кездескен еді. Жүздесу барысында Розенблюм мен Камилов биыл қаңтарда Вашингтонда өткен өзбек-америкалық саяси кеңестің нәтижесін талқылаған болатын.

Өзбекстандық сарапшылардың пікірлерінше, АҚШ мемлекеттік департаменті өкілінің сапары Ислам Кәрімовтың қазасына байланысты болуы керек.

XS
SM
MD
LG