Ссылки доступа

Түркіменстанда жаңа мобильдік телефондарды рұқсатсыз өткізуге тыйым салды


Ашхабад әуежайында жаңа мобильдік телефондарды рұқсатсыз өткізуге тыйым салынғаны туралы хабарламалар ілінді. Арнайы рұқсатты Түркіменстан министрлер кеңсесінің Радиожиілік жөніндегі мекемеаралық комиссия береді.

1999 жылғы қарарға сүйенген кеден қызметі жаңа ұялы телефондарды тәркілей бастады. Жеке қолдану үшін сатып алған бірнеше адам мобильдік телефоннан айрылып қалғанын хабарлады.

Хабарламада техниканың сатуға немесе жеке мақсатта қолдануға болмайтыны нақты көрсетілмеген. Бірақ арнайы рұқсатсыз әкелуге тыйым салынатыны ерекше әріптермен көрсетілген.

Ресми органдар елде қолданылатын мобильдік телефондарды қауіпсіз байланыс талаптарына сәйкестендіріп болғанша, жаңа мобильдік телефондарды Түркіменстанға кіргізуге тыйым салынғанын айтты.

XS
SM
MD
LG