Ссылки доступа

Қытайда «G20» саммиті аяқталды


Қытайдың Ханчжоу қаласында 5 қыркүйекте екі күндік «үлкен жиырмалық» саммиті аяқталды. Самиттің ашылуына дейін әлемнің экономикалық держава жетекшілерінің лидерлері ҚХР төрағасы Си Цзиньпин мен АҚШ президенті Барак Обама Климат жөніндегі Париж келісімін бекіткенін жариялады.

Қытай мен АҚШ ауаға ең көп ластайтын екі ірі мемлекет. Әлемдегі ауаға таралатын зиянды заттың 40 пайызы осы екі елден шығады екен. Париж келісімі мемлекеттер арасында ауаға таралатын газды төмендетуді міндеттейді. Ауаға шығарылатын зиянды газдың 55 пайызына жауапты 55 ел толық ратификациялағаннан кейін барып Париж келісімі күшіне енеді.

Дүйсенбі күні Ресей президенті Владимир Путин мен Барак Обама Сирия мен Украина шығысындағы жанжалды реттеу мәселелерін талқылады. Бір жарым сағатқа созылған екі ел президентінің кездесулері нақты нәтиже бермеді.

Путин сонымен бірге Франсуа Олландпен кездесіп, нәтижесінде үстіміздегі жылдың қазан айында Парижде Донбастағы кикілжіңді реттеу үшін "норманд төрттігінің" кездесуі болатынын жария етті.

Саммит қорытындысы бойынша, "үлкен жиырмалық" биылғы жылы халықаралық сауда тәртібін жеңілдетуге келісті. Бүкіләлемдік банктің квотаны реформалауын және қытай ақшасы юанды Халықаралық валюта қорының сақтық валютасына енгізуді қолдады.

XS
SM
MD
LG