Ссылки доступа

Душанбе тұрғыны ИМ-ге қосылмақ болғаны үшін сотталды


Сирияға жол жүріп бара жатқан жерінен ұсталған Душанбе тұрғыны сот шешімімен 6,6 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын қатаң режимдегі колонияда өткізетін болады.

Тәжікстанның бас прокуратурасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Душанбе тұрғыны Диловар Музаффаров 2014 жылдың желтоқсан айында жұмыс миграциясымен Новосибирскіде жұмыс істеп жүрген жерінен Тәжікстанның екі азаматымен танысады.

Олар Д.Музаффаровты Сирияға барып, «Ислам мемлекеті» террористік ұйымының қатарына кіруге үгіттеген.

2016 жылдың 4 мамырында Музаффаров Мәскеу арқылы Стамбулға ұшпақ болған. Бірақ Внуково әуежайында оны Ресейдің құқық қорғау органдарының қызметкерлері ұстап, тәжік билігіне берген.

Душанбе қаласындағы Исмоили Сомони атындағы аудандық соты Д.Н.Музаффаровты айыпты деп тауып, Қылмыстық кодекстің 32-бабы бойынша, 6 жыл 6 айға қатаң режимдегі түрме жазасына кесті.

XS
SM
MD
LG