Ссылки доступа

Ресей мен Сауд Арабия мұнай нарығын тұрақтандыру жөнінде келісімге келді


Ресей мен Сауд Арабия бірлескен түрде немесе өзге мұнай өндірушілермен қауымдасу арқылы мұнай нарығын тұрақтандыру жөнінде келісімге келгенін мәлімдеді. Бұл жөнінде елдердің бірлескен мәлімдемелерінде айтылады.

Мәлімдемеде мұнай өндірудің көлемін қысқарту жөнінде нақты қадамдар айтылмайды. Бірақ «министрлер мұнай нарығын тұрақтандыру үшін ірі мұнай өндіретін елдердің өзара конструктивті диалогы мен тығыз қарым-қатынасы аса маңызды және ұзақмерзімді болашақ үшін тұрақты инвестиция деңгейін қамтамасыз ету керек», - делінген мәлімдемеде.

Келісім туралы мәлімдеме фьючерстегі Brent маркалы мұнайдың қысқамерзімде көтерілгенін көрсетті: Лондондағы ICE биржасында баррелі үшін 49,15 долларға жетіп, 5,4 пайызға көтерілді.

Қыркүйек айының аяғында Алжирде халықаралық энергетикалық форум өтеді. Онда ОПЕК-ке кіретін мұнай эксперттерінен басқа жеке кездесулер өткізу жоспарлануда. Шараға Ресейдің энергетика министрі де қатысады деп күтіледі (Ресей ОПЕК-ке мүше емес).

Ресей президенті Владимир Путин осының алдында ОПЕК пен Ресей мұнай өндірудің көлемін қысқартуға келісімге келгенін қалаймын деген. Ресейдің өзі бұл қадамға баруға дайын екенін 2016 жылдың сәуір айында мәлімдеген. Бірақ бұл мәселеге Иран үзілді-кесілді қарсы. Иран өз еліне салынған экономикалық санкция алынып тасталған соң, мұнай өндіруді ұлғайтып жатыр әрі әлемдік мұнай бағасының төмендеуіне қарамастан экспортты төмендетуге ниетті емес.

XS
SM
MD
LG