Ссылки доступа

Зарафо Рахмони бостандыққа шықты


Зарафо Рахмони 5 қыркүйек күні түрмеден босап шығып, үйіне оралды. Бұл туралы оның ұлы Махмад хабарлады.

Оның айтуынша, Рахмонидің денсаулық жағдайы жақсы емес, біраз уақыт тынығып алған соң ғана журналистермен кездесе алады.

Бұған дейін әділет министрлігінің қылмыстық жазаны атқару бас басқармасындағылар Зарафо Рахмонидің рақымшылықпен бостандыққа шығуы мүмкін екенін хабарлаған. Рақымшылыққа ілінуіне оның 2 жылға ғана сотталып, жазасын жалпы режимдегі колонияда өтеуі және кәмелетке толмаған төрт баласының бары ескерілген.

Тәжікстанда тыйым салынған Ислам қайта өркендеу партиясының құқықтық мәселелер жөніндегі кеңесшісі болған Зарафо Рахмони өткен жылы партияның жоғары шенді 13 мүшесімен бірге ұсталған. Оларға қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары Абдухалим Назарзоданың тобымен жұмыс істесті және өткен жылғы қыркүйекте болған бүлікке қатысы бар деген айып тағылған. Биыл маусымда Зарафо Рахмониден басқа ТИҚП мүшелері ұзақ мерзімге сотталған.

XS
SM
MD
LG