Ссылки доступа

Бұрынғы тәжік полковнигі тәуелсіздік күні қарсаңында сес көрсетті


Тәжікстан билігі ерекше тағайындалған милиция отрядының бұрынғы басшысы Гулмурод Халимовтың тәжік әскерлерін қорқыту әрекетін зерттеп жатыр.

Халимов 9 қыркүйекте Тәжікстан тәуелсіздігінің 25 жылдығында сарбаздарды «ерекше құттықтаймын» деген. Сес көрсету сарбаздардың ұялы телефондарына хабарлама ретінде келген. Мәтіннің соңында Халимов деп жазылған.

Осының алдында Халимовтің «Ислам мемлекеті» террористік ұйымының әскери қолбасшысы болды деген хабар тарады. Ол әуе шабуылдарынан қаза тапқан Умара аш-Шишанидің орнына тағайындалған.

30 тамызда АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті Халимовті экстремистік топтағы басты адамның бірі ретінде атап, оның мекен-жайы туралы ақпарат берген адамдарға 3 миллион доллар сыйақы беріледі деп хабарлады. Тәжікстан билігі 5 қыркүйекте оның жақтастары елдегі тұрақтылықты шайқалтпас үшін алдын-ала қажетті шаралар жасалынады деп мәлімдеді.

Тәжікстан ІІМ-нің бұрынғы командирі, 2015 жылдың сәуір айынан бастап, «Ислам мемлекеті» террористік ұйымының мүшесі болды. Душанбе билігі Халимовтің Сириядағы майданда екі рет жарақат алғанын айтады.

XS
SM
MD
LG