Ссылки доступа

Түркіменстанда бірқатар бюджет жұмысшылары үш айдан бері жалақы алмаған


Бюджеттен қаржыландырылатын мекемелердегі жұмысшылардың дені үш ай жалақысыз отыр. Мары және Лебап уәлаяттарындағы жағдай осындай. Бұл туралы жергілікті баспасөзде жазылды.

Айлық алмаған жұмысшылар реніштерін ұжым ішінде немесе достары арасында ғана талқылаумен шектеледі. Бірқатары топ болып аудандық немесе қалалық қаржы бөлімдеріне барып, ақшаның мекемелеріне қашан бөлінетінін анықтай алмай жүр.

Оларға бюджеттен түскен қаражат ең бірінші кезекте зейнетақы мен өтемақыға бөлінеді деп жауап берген.

Атамұрат қаласындағы мектептердің бірінің мұғалімі базарлар мен дүкендерде азық-түлікті қарызға беру тәжірибесі әлі бар екеніне қуануға мәжбүр.

"Мені оқушыларымның базарда істейтін ата-аналары таниды және маған сенеді. Әйтпесе мен отбасымды қалай асырар едім?" - деді ұстаз.

XS
SM
MD
LG