Ссылки доступа

75 жастағы зейнеткер Кәрімовтың зиратына бару үшін Самарқанға велосипедпен шықты


5 қыркүйек күні таңертең Наманган облысы Чартак ауданының 75 жастағы зейнеткері Хусан Хожибаев велосипедімен Самарқан қаласына жолға шықты. Самарқанда Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Кәрімов жерленген.

Жолаушы зейнеткер қалаға 8-9 қыркүйекте жетуді көздеп отыр. Ауылдастары Хусан-бобо деп атап кеткен Хусан Хожибаев марқұм Ислам Кәрімовты "жақыным" және "досым" деп атайды. Зейнеткердің айтуынша, Наманганнан Самарқанға дейін 521 шақырымды велосипедпен 4-5 күн жүріп өтуге болады.

Көптеген адамдар ақсақал сапарының мақсатына таңырқай қарайды, бірақ қолдарынан келгенше көмектесуге тырысады. Хожибаевтың пікірінше, Кәрімов халықтың жағдайын жақсарту үшін көп еңбектенді, енді ол "жақын досы" үшін велосипедпен 4-5 күн тер төккісі келеді.

Зейнеткер біраз жыл бойы өзбек басшысына хат жазып келгенін, Кәрімов көмегін аямағанын айтты. "Жыл сайын 1 қыркүйекте ол мені туған күніммен құттықтайтын. Өзі келе алмаса да, маған жергілікті аудан және облыс шенеуніктері құттықтап келіп жүрді", - деді Хусан-бобо.

Өзбекстанның алғашқы президенті Ислам Кәрімов 2 қыркүйекте инсульттен қайтыс болды. Кәрімовты 3 қыркүйекте Самарқандағы Шахи-Зинда зиратына жерледі.

XS
SM
MD
LG