Ссылки доступа

Қырым татарлары мәжілісінің төраға орынбасарын психиатриялық клиникадан шығарды


Қырым-татарлары халқы мәжілісінің төраға орынбасары Ильми Умеровті сәрсенбі күні психиатриялық клиникадан шығарды. Бұл жөнінде твиттерде оның адвокаты Марк Фейгин хабарлады.

Ол Умеровке тағылған айыпты алып тастауға тырысатынын жазған.

Аннексияланған Қырым билігі 59 жастағы Ильми Умеровті телеарналардың бірінде айтқан «Ресейді Қырымнан және Донбастан шығаруға мәжбүрлеу керек» деген сөздері үшін Ресейдің аумақтық тұтастығын бұзуға шақырды деп айыптайды.

11 тамызда Умеровті денсаулығының нашарлығына қарамастан, психиатриялық ауруханаға сараптама жасау үшін жатқызған.

Саясаткердің денсаулығына алаңдап АҚШ, Еуропалық одақ, Human Rights Watch халықаралық құқық қорғау ұйымы және украина парламенті мәлімдеме жасаған.

XS
SM
MD
LG