7-18 қыркүйек аралығында өтетін Паралимпиада ойындарына әлемнің 161 мемлекетінен шамамен төрт мыңға жуық атлет қатысады. Олардың арасында Ресей жоқ. Ресейлік паралимпиадашылардың барлығын бұл ойындардан шеттетті. Оған Мәскеудің рұқсат етілмеген препараттарды атлеттердің қабылдауын жақтап, мемлекеттік бағдарлама жүргізгенін әшкерелеген зерттеу себеп болды.
Паралимпиада ойындарындағы әйгілі спортшылар - ирандық ауыр атлет Сиаманд Рахман, британдық арбамен жарысушы Дэвид Уэйр және қытайлық зағип спринтер Лю Чуйцин. Қазір Құрама Штаттарда тұратын ирандық Шахрад Насаджпур, сириялық Ибрагим әл Хуссейн бұл Ойындарға босқындар командасы атынан қатысады.