Ссылки доступа

"Тәжік Эйр" ұшағы апатты жағдайда Бішкекке қонды


"Тәжік Эйр" әуе компаниясының хабарлауынша, 7 қыркүйекте Бішкек-Душанбе рейсімен ұшып шыққан ұлттық тасымалдаушы ұшағы "техникалық ақауларға" байланысты кері қайтып, Бішкектегі "Манас" халықаралық әуежайына қонуға мәжбүр болды.

Әуе компаниясындағы дереккөздің хабарлауынша, Боинг-757-231 лайнері сәрсенбі күні Қырғызстан астанасынан Душанбеге ұшып шыққан, бірақ жарты сағаттан соң техникалық ақауларға байланысты кері оралуға мәжбүр болған.

Кейін мамандар ұшақ қозғалтқышындағы ақауды дұрыстады, ұшақ ұшуға дайын. Жолаушылар және экипаж мүшелері зардап шеккен жоқ.

Бұл уақытта "Манас" халықаралық әуежайының баспасөз қызметі ұшақтың биіктік ала алмай, қайта оралуының себебі белгісіз екенін мәлімдеді. "Мұндай жағдайда жолаушыларды тамақпен және қонақ үймен әуе компаниясы қамтамасыз етуі керек. Бұл жолы жолаушылардың барлығы әуежайда күтіп отырды", - деп түсіндірді мекеме қызметкері.

XS
SM
MD
LG