Ссылки доступа

Өзбекстанда Ислам Әріптестігі Ұйымының сессиясы өтеді


Ислам әріптестігі ұйымының Бас хатшысы Ияд бин Амин Мадани 8 қыркүйекте Ташкентке сапарлап барады. Ұйымның 43-ші сессиясы қазан айында Өзбекстанның төрағалығымен өтеді. Ташкенттегі кездесулерде осы жиынға дайындық барысы талқыланады.

Экономикалық зерттеулер орталығының хабарлауынша, жыл сайын өткізілетін маңызды жиында ИӘҰ-ның жалпыға ортақ саясатының бағыттары айқындалады.

ИЭҰ - БҰҰ-нан кейінгі екінші көлемді үкіметаралық ұйым. Ол 1,5 млрд астам адам тұратын 57 елді біріктіреді. Ұйымның басты мақсаты - мұсылман елдерінің әлеуметтік, экономикалық және саясат саласында әріптестік орнатып, халықаралық аренада бірге әрекет ету, ұйымға мүше елдерде тұрақтылық орнату.

Өзбекстан төрағалығындағы ұйым биыл ғылыми-техникалық, сауда және инвестициялық әріптестікке, терроризм және экстремизммен күресте күш біріктіру мәселелеріне, сондай-ақ ядролық қарудан азат аймақтарды арттыру, әсіресе Таяу Шығыста ядросыз аймақ құру идеясын дәріптеуге баса назар аударып отыр.

XS
SM
MD
LG