Ссылки доступа

Дамаск 85 тұтқынды екі ресейлік ұшқыштың денесіне алмастырады


Сириялық билік үкіметтік түрмелердегі шамамен 85 тұтқынды ресейлік екі әскери ұшқыштың денелеріне алмастырады. Бұл туралы сириялық адам құқығының сақталуын бақылау орталығы хабарлады. Ресейлік ұшқыштар 1 тамызда Ми-8 тікұшағы Идлиб провинциясында атып түсірген кезде қаза тапқан еді.

Бұған дейін өзін Тұтқындар ісі бойынша бас қор деп таныстырған топ ұшқыштардың денелерін Башар Асад жүйесі тұтқынға алған жақтастарына алмастыруды ұсынған.

Ресейлік тікұшақ оппозиция бақылауындағы Идлиб провинциясы аумағында 1 тамызда атып түсіріліп, оның бортындағы бес адам қаза тапты. Бұған дейін Сирияда Ресей әскері осынша шығынға ұшырамаған еді. Ресейдің Сириядағы әскери операциясы 2015 жылы қыркүйекте басталды.

XS
SM
MD
LG