Ссылки доступа

Тәжікстан президенті тыйым салынған партия жетекшісінің көмекшісін рақымшылықпен босатты (видео)


Тәжікстан ислам қайта өрлеу партиясы жетекшісінің заң мәселелері бойынша кеңесшісі Зарафо Рахмони амнистиямен емес, ел президентінің рақымшылығымен бостандыққа шыққан.

5 қыркүйекте Әділет министрлігінің тергеу абақтысынан босап шыққан Зарафо Рахмони мемлекет басшысына хат жазып, оның өтініші қабылданған соң еркіндік алғанын мәлімдеді. Рахмини үйіне қайта оралғаны үшін президентке алғыс айтты.

44 жастағы Зарафо Рахмони 2012 жылдан бастап қолға түскенге дейін партия төрағасының кеңесшісі қызметін атқарған. Соңғы жылдары ол адвокаттық қызметпен қоса шұғылданған.

Зарафо Рахмони өткен жылы тыйым салынған ТИҚП-ның 13 жоғары лауазымды мүшелерімен бірге ұсталды.

Билік оларды қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары Абдухалим Назарзоданың тобымен бірге өткен жылғы қыркүйектегі бүлікке қатысты деп айыпталы. Биыл маусымда партия мүшелерін ұзақ мерзімдерге соттады. Айыпталушылардың ішіндегі жалғыз әйел - Рахмони екі жылға бас бостандығынан айрылды.

XS
SM
MD
LG