Ссылки доступа

Шавкат Мирзияев Өзбекстан президенті міндетін атқарушы болды


8 қыркүйекте Өзбекстанда заң шығарушы палата мен Олий Мәжілісі сенатының бірлескен отырысында ел президентінің міндетін атқарушы болып елдің премьер-министрі Шавкат Мирзияев тағайындалды.

Кейбір дереккөзге қарағанда, Сенат төрағасы Нигматулла Юлдашев бұл лауазымға өздігінен бас тартқан соң, премьер-министр Шавкат Мирзияев президенттің міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалған.

59 жастағы Шавкат Мирзияев Тәшкенттің ирригация және мелиорация институтын аяқтаған. Ол өзінің қызмет жолын Тәшкенттің Мирзо-Улугбек аудан әкімі болып бастаған. Кейін Жызақ, Самарқан облыстарының әкімі қызметін атқарды. 2003 жылдан бері Мирзияев Өзбекстанның премьер-министрі болды.

2 қыркүйекте Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримов қайтыс болғаннан кейін, Шавкат Мирзияев Каримовті жерлеуді ұйымдастыру жөніндегі мемлекеттік комиссияны басқарды.

XS
SM
MD
LG