Ссылки доступа

Францияда теракті жасамақ болған үш әйел ұсталды


Франция билігі теракті ұйымдастырмақ болған үш әйелдің ұсталғанын хабарлады.

Үй әйел сейсенбі күні Париждегі Нотр-Дам де Пари Құдай ана шіркеуі жанында көзге ілінген. Олар автокөлік маңында жүрген. Құқық қорғау органдары анықтағандай, көлік багажынан газ баллондар табылған.

«Бұл әйелдер 39, 23 және 19 жаста. Фанаттар, адамдарға қарсы шабуыл жасамақ болуы мүмкін», - деді Францияның ішкі істер министрі Бернар Казнев теледидар арқылы жасаған үндеуінде.

Министрдің сөздерінше, күдіктінің бірі ұстау кезінде полицейге пышақ сұққан кезде, оған атылған оқтан жарақат алған. Осының алдында Франция президенті Франсуа Олланд соңғы күндері шабуылдың алдын алынды деп мәлімдеген еді. Бірақ мән-жайды ашып айтпады.

Францияда радикалды исламшылдардың бірнеше рет жасаған шабуылдарынан кейін әрі былтыр қараша айында 130 адамның өмірін алған терактіден соң террористік қауіптің ең жоғары деңгейі сақталып отыр.

XS
SM
MD
LG