Ссылки доступа

Мирзиеев: Өзбекстанның басты бағыты - Орталық Азия


Өзбекстанның сыртқы саясатындағы басым бағыт - елдің ұлттық мүддесімен тығыз байланысты Орталық Азия аймағы. Бұл туралы Өзбекстан президенті қызметін уақытша атқарушы Шавкат Мирзиеев мәлімдеді.

"Жақын көршілеріміз - Түркіменстан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан елдерімен ашық, достық әрі сындарлы саясатымыз кенжелеп қалды", - деді ол.

Мирзиеевтің айтуынша, Өзбекстанның сыртқы саясаттағы басым бағыт - ТМД елдерімен қарым-қатынасты арттыру, әсіресе Ресей Федерациясымен достық байланысты нығайту және дамыту.

Оның мәлімдеуінше, сыртқы саясатта АҚШ-пен өзара тиімді әрі сындарлы әріптестікті жан-жақты дамыту да басым бағыттардың бірі болып қала береді. Бұған қоса, Мирзиеев Өзбекстанның Қытай, Жапония, Корея Республикасы және басқа да елдермен экономика, инвестиция, ғылым және технология, білім, денсаулық сақтау және туризм салаларында жан-жақты стратегиялық әріптестікті нығайтуды көздейтінін мәлімдеді.

"Түрлі әскери-саяси блоктарға қосылмау, Өзбекстан аумағында басқа елдердің әскери блоктары мен нысандарын орналастырмау, сондай-ақ ел әскерін шетелге жібермеу ұстанымдары өзгеріссіз қалады", - деді Мирзиеев.

XS
SM
MD
LG