Ссылки доступа

Эмомали Рахмон: "Дұшпандарымыз ислам мемлекетін құруға әрекеттенді"


Тәжікстан президентінің пікірінше, тәуелсіздіктің алғашқы жылдары "зұлым күштер және адасқандар өздерінің шетелдегі қамқоршыларының нұсқауымен", елді соғыстың шырмауына арбап, ислам мемлекетін орнатуға талпыныс жасады. Бұл туралы президент Эмомали Рахмон Тәжікстан тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне ұйымдастырылған Кохи Борбадтағы салтанатты жиында мәлімдеді.

Тәжікстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдарын еске алған Рахмонның айтуынша, халықтың күйзелгеніне қарамастан, "өзгенің мәдениеті мен дінін" енгізіп, тіпті ислам мемлекетін құруға асыққан күштер болды.

Президент соның барлығына тыйым салынған ислам қайта өрлеу партиясы кінәлі деп атап өтті. Сол кезеңде жаңадан құрылған партиялар мен қозғалыстар "Ислам қайта өрлеу партиясы идеясына арбалып", мемлекет соғыстың шырмауында қалды. Соның нәтижесінде, мыңдаған адам қаза тауып, көбісі босып кетті, елдің экономикалық өзегі құлады".

"Қазір ислам елдерінде болып жатқан оқиғалар Тәжікстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдарындағы жағдайдың көшірмесі іспетті", - деді Рахмон.

25 жыл бұрын, 1991 жылы 9 қыркүйекте Тәжікстан Советтік Социалистік республикасының Жоғарғы Кеңесінің кезектен тыс сессиясында Тәжікстан мемлекеттік тәуелсіздігі туралы декларация қабылданды.

XS
SM
MD
LG