Ссылки доступа

Тәжік әуе компаниясының кезекті ұшағы жолаушыларын Душанбеге жеткізе алмады


Техникалық ақаудың салдарынан тәжіктің «Сомон Эйр» әуе компаниясы ұшақтарының бірі 100-ден астам жолаушысын Ресейдің Красноярск шаһарынан Душанбеге жеткізе алмады.

«Боинг» ұшағы 11 қыркүйек күні таңертең Красноярсктан Душанбеге ұшу керек болған. Бірақ жолаушыларды отырғызу алдында ұшақтың ұшуына тыйым салынды. «Кейін бізді алып кету үшін Тәжікстаннан басқа ұшақ келетінін айтты. Біз отырмақ болған ұшақтан ақау шыққан, оны жөндеу үшін екі-үш күн қажет екен»,- дейді жолаушылардың бірі.

«Таңғы сағат 4-тен бері әуежайда жүрміз. Таңертең 8-де тамақ берді. Содан кейін бізді мүлдем ұмытты. Түстен кейін ешкімнің бізбенен шаруасы болмады. Олар бізді «Сомон Эйр» әуе компаниясы қарасу керек деп жауап берді», -дейді ол.

Бұл соңғы бір апта ішінде тәжік әуе компанияларының ұшақтарында техникалық ақаудың бар екені анықталған екінші ұшақ. 6 қыркүйекте «Тәжік Эйр» әуе компаниясының Душанбеге бағыт алған ұшағы жарты сағаттан кейін қайтадан Бішкек әуежайына қонуға мәжбүр болды. Ал олардың жолаушыларын тек 8 қыркүйекте ғана Душанбеге жеткізді.

Тәжікстандағы екі ірі әуекомпаниясы «Сомон Эйр» мен «Тажік Эйр» америкалык Boeing және ресейлік ТУ ұшақтарына иелік етеді.

XS
SM
MD
LG