Ссылки доступа

Тәжік кеденшісінің үйінен 48 мың доллар ұрланған


Тәжікстанның Хатлон облысы милициясының басшылығы үш адамнан тұратын қылмыстық топ кеден шенеунігі Курбон Зухуровтың үйіне ұрлыққа түскенін хабарлады.

Ішкі істер министрлігінің ақпараты бойынша, қылмыстық топ 48 мың АҚШ доллары салынған темір сейфті көлікке тиеп, Бохтар ауданы Кизилюлдуз ауылындағы ұрлыққа түскен адамдардың бірінің үйіне жеткізген. Сейфті бұзып, ақшаны өзара бөліскен.

Тәжікстан ІІМ қарақшының үйін тәркілеу барысында оперативті қызмет етушілер сейф пен ақшаның бір бөлігін тапты деп хабарлайды. Тонаушылар шенеуніктің әйелі мен балаларын ұрып-соғып, ірі көлемдегі ақшаны ұрлап әкеткен. Аталған мекеменің мәліметі бойынша, 17 жастағы Курбон Зухуровтың ұлы Бахтовар Зухуров соққыдан жарақат алған, қазір ауруханада жатыр. Бұл оқиға қыркүйектің 8-іне қараған түні орын алған.

Ал кеденшінің өзі ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген. Бірақ қазір жағдайы бір қалыпты. Курбон Зухуров бір жылдан астам Хатлон облысы кеден басқармасында бөлім басшысы болып жұмыс істейді.

Күдікті 5 адам ұсталған. Қазір тергеу ісі жүріп жатыр. Бірақ әлі күнге дейін ұрланған 48 мың доллар Курбон Зухуровтың жеке ақшасы болды ма, әлде мекемеге тиесілі қаражатты уақытша өзінің үйінде сақтады ма, ол жағы белгісіз.

XS
SM
MD
LG