Ссылки доступа

Бішкекте Конституцияның өзгертілуіне қарсы азаматтық форум мен құрылтай өтеді


Қазан айының басында Қырғызстан оппозициясы Бішкекте екі жиын - ел Конституциясының өзгертілуіне қарсы құрылтай және азаматтық форум өткізбекші. Бұл жөнінде шараларды ұйымдастырушылардың бірі, бұрынғы депутат Равшан Жээнбеков хабарлады.

Оның сөздерінше, жиында оппозициялық күштер мен азаматтық қоғам биліктен конституциялық реформа жүргізуден бас тартуын талап етеді.

Еске сала кетейік, үстіміздегі жылдың 29 шілдесінде алты парламенттік фракцияның бесеуі Конституцияға өзгеріс енгізуге байланысты референдум өткізуді қолдап дауыс берді. Ата заңның жаңа жобасы қоғамдық талқылға шығарылған.

Билік референдумды күзде жергілікті кенеш сайлауымен қоса өткізуді ұсынады. Оппозиция конституциялық реформаларға қарсы.

XS
SM
MD
LG