Ссылки доступа

Бішкекте ТМД саммитінде қауіпсіздікті 3 мыңнан астам милиционер қорғайды


Қырғызстанда өтетін ТМД саммиті кезінде қоғамдық тәртіпті 3 мыңнан астам милиционер қамтамасыз ететін болады. Бұл жөнінде елдің ІІМ хабарлайды.

Қозғалыс легінің бағытын, шаралар өтетін жерлер және делегация мүшелері тұратын жер қатаң бақылауға алынады. Сонымен бірге маңызды нысандарға да қосымша күзет қойылады.

ІІМ 15-17 қыркүйекте Бішкектің және Шу облысының "Манас" әуежайына баратын тас жолдарға шектеу қойылатынын да ескертті.

ТМД саммиті 16-17 қыркүйек аралығында ел президенттерінің қатысуымен Бішкекте өтеді.

XS
SM
MD
LG