Ссылки доступа

Өзбек-қырғыз шекарасынан есірткі сақтайтын қойма табылды


Өзбекстанның құқық қорғау органдары Әндіжан облысында Қырғызстанмен шектесетін аумақтан 20 келіден астам есірткі сақталған орынды анықтады. Бұл жөнінде жергілікті БАҚ облыс милициясының өкіліне сілтеме жасап хабарлайды.

Есірткі заттары жергілікті жеке қожалықтың қоймасының бірінен табылған. Экспресс-талдау қалтада 10,2 келі героин және 11,3 келі опиум барын көрсеткен. Бұл іске байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу шаралары жүріп жатыр.

Өзбекстанның есірткіні бақылау жөніндегі ұлттық ақпараттық-талдау орталығының мәліметі бойынша, 2012-2015 жылдары ел аумағынан 194 келі есірткі тәркілегенін айтады. Бұл алдыңғы жылдармен салыстырғанда есірткі тасымалы екі есеге өскенін көрсетеді екен.

Орталықтың ақпараты бойынша, Өзбекстанның мемлекеттік шекараларын күшейтілуінен есірткі бизнесімен айналысатындар соңғы төрт жылда транзит ретінде қоймаларды пайдалануды кеңейткен.

Есірткі тасымалдауға ыңғайлы транспорт соңғы жылдары жүк поезы болған. Өткен жылы есірткі тығылған 50 шақты құпия орын табылған.

XS
SM
MD
LG