Ссылки доступа

Ляур полигонында тәжік-ресей жаттығуы өтіп жатыр


Душанбенің оңтүстік-батысында 25 шақырым қашықтықта орналасқан Ляур полигонында Тәжікстанның қарулы күштері мен Ресейдің 201-әскери базасы сарбаздарының бірлескен әскери жаттығуы жүріп жатыр.

Тәжікстанның қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің өкілі Джамшед Хусейнов әскери жаттығудың маңызды кезеңі 15 қыркүйекте өтетінін, оған екі елдің 200 күрес техникасы мен 800 әскері қатысатынын мәлімдеді. Жаттығудың мақсаты терроризм мен экстремизмге қарсы тұру.

Хусейновтің сөздерінше, жаттығуға 201-әскери базаның тактикалық тобы, Тәжікстан қорғаныс министрлігінің арнайы ротасы, ІІМ ішкі әскері және ТР Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара әскері қатысуда.

«Бір апта бойында жауынгерлер, сержанттар мен офицерлер таулы аймақтарда қорғаныс тактикасын, қылмысты топты іздестіру, олардың жолдарын кесу шараларын үйренеді», - делінген Орталық әскери округтің баспасөз хабарламасында.

Бірлескен жаттығу 13 қыркүйекте басталып, 16 қыркүйекке дейін жалғасады. Ресми ақпарат бойынша, бұл биылғы жылға екі ел арасында өтіп жатқан бірінші жаттығу.

XS
SM
MD
LG