Ссылки доступа

"Росбалт": Захарченко отбасының банк шотында 300 миллион еуро бар


Қамауға алынған Ресей ІІМ-нің полковнигі Дмитрий Захарченко отбасының Швейцария банктерінде 300 миллион еуро бар. Бұл жөнінде "Росбалт" құқық қорғау органдарындағы дереккөзге сілтеме жасап хабарлайды.

Мәліметтерге қарағанда, ФСБ-ге Виктор Захарченконың әкесі Дмитрий Захарченконың атына тіркелген офшорлы фирмалардың есеп шоты жөнінде құжаттар түскен. Барлығы Rothschild Bank және женевалық Dresdner Bank-те тіркелген алты құжат табылған. Ірі көлемдегі ақшаның қалай пайда болғаны жөнінде тексеріліп жатыр дейді агенттіктің дереккөзі.

ІІМ экономикалық қауіпсіздік басқармасының басшы орынбасары Дмитрий Захарченко қызметін асыра пайдаланды, тергеу ісіне кедергі жасады және пара алды деген күдікпен 10 қыркүйекте ұсталды.

Сотта Захарченко "Нота-банктің" қаражатын жымқырды деген айыптаушыларға тергеу ісінің әрекетін ескертіп отырғаны айтылды. Захарченкодан табылған ірі қаражат банк есеп шотынан ұрланған ақша болуы мүмкіндігін жоққа шығармайды. Мұнан басқа Захарченко "Вымпелкомның" бұрынғы басшысы Михаил Слободин мүддесін қорғап, оны тергеуден қашыруға әрекет жасады деп айыпталады. Сонымен бірге полковниктің қылмыс әлемінің беделдісі Шакро Молодой деген лақап атпен танымал Захария Калашовпен байланысы бар делінеді.

Захарченко тұтқындалғаннан кейін ІІМ басшысы Владимир Колокольцев экономикалық қауіпсіздік және коррупцияға қарсы күрес бас басқармасына қызметтік тексеру жариялады.

XS
SM
MD
LG