Ссылки доступа

Сапар Исаков ТМД елдері басшыларының саммитіне кімдер келетіні туралы айтты


16 қыркүйекте Бішкекте ТМД-ға мүше елдер басшыларының 25-ші саммиті өтеді. Президент аппаратының сыртқы саясат бөлімінің жетекшісі Сапар Исаков бұл жиынға кімдер келетінін журналистерге айтып берді.

Саммитке Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Ресей және Тәжікстан президенттері келеді. Молдова үкімет басшысын жібереді. Өзбекстаннан сыртқы істер министрі келсе, Түркіменстан делегациясын министрлер кеңсесі төрағасының орынбасары бастайды. Украинадан осы елдің Қырғызстандағы елшісі қатысады. Бұлардан бөлек саммит жұмысына ТМД атқарушы комитетінің төрағасы Сергей Лебедев қатысады.

Исаковтың айтуынша, Молдовада президент сайлау өткелі отыр, сол себепті мемлекет басшысы бұл жиынға келе алмайды. Түркіменстан президенті елдегі саяси реформаларға байланысты шыға алмайтынын қырғыз басшысына телефон арқылы хабарлаған.

Өзбекстан делегациясын елдің сыртқы істер министрі бастап келуін республикадағы президент сайлауына дайындықпен байланыстырды. "Кеше екі мемлекеттің үкімет басшылары телефон арқылы сөйлесті", - деді Исаков.

XS
SM
MD
LG