Ссылки доступа

АҚШ пен Ресей Сириядағы бітім мерзімін ұзартуға келісті


Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Сириядағы бітім мерзімін тағы 48 сағатқа созу туралы келісті. Бұл шешім елдегі гуманитарлық дағдарысты жеңілдетуі керек.

Жекелеген атыстар туралы хабарларға қарамастан, оқ атуды доғару жүйесі сақталып отыр, ал зорлық-зомбылық әлдеқайда азайды, деп мәлімдеді Мемлекеттік департамент төрағасы Марк Тоунер.

Ресейлік сыртқы істер министрлігінің мәліметі бойынша, Керри мен Лавров телефон арқылы сөйлесіп, АҚШ көмектесіп отырған сириялық оңшыл оппозиция күштерін елдегі "Жебат ән Нусра" экстремистік күштерінен бөлшектеу керек деген ортақ тұжырымға келді.

Сәрсенбі күні БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун тағы да АҚШ пен Ресейді сириялықтарға гуманитарлық көмек ұйымдастыруға шақырды.

9 қыркүйекте Женевада АҚШ пен Ресей Сириядағы бітім мерзімін орнатуға келісті. Сирияда оқ атпау жүйесі 12 қыркүйекте басталды.

XS
SM
MD
LG