Ссылки доступа

Өзбекстан Ресейге көкөніс жеткізу үшін "жасыл дәліз" құруды ұсынды


Өзбекстан Ресейге РФ фитосанитарлы рәсімдеу және РФ ауыл шаруашылығын бақылау жүйесі бойынша "жасыл дәліз" құруды ұсынады. Бұл жөнінде РИА Новости РФ Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл бастаманы Өзбекстан премьер-министрінің орынбасары Рустам Азимов РФ ауыл шаруашылығы министрі Александр Ткачевпен жұмыс кездесуі кезінде көтерді.

Рустам Азимов екі елдің бірлескен жұмыстарының нәтижесінде өзбектің ауыл шаруашылығы өнімдерінің ресейлік нарыққа экспорты екі есеге өсті деп атап өтті. Алайда көкөністі жеткізуде біраз қиындықтар бар дейді өзбек вице-премьері.

Тараптар шешімі табылмаған мәселелерді тағы кездесіп, бірлесіп талқылауға дайын екендіктерін жеткізді.

XS
SM
MD
LG