Ссылки доступа

Пәкістанда поездар соқтығысты: 150-ден астам адам зардап шекті


Пәкістанда екі поездың соқтығысуы салдарынан алты адам қаза тапты, 150-ден астам адам жараланды.

Апат 15 қыркүйек күні таңертең Мултан қаласының маңында орын алды деп хабарлайды жергілікті Geo TV телеарнасы.

Қақтығыс Пешавардан Карачиге қарай бағыт алған Awami Express жүрдек поезы мен жүк поезы арасында орын алған. Кесте бойынша екі поезд темір жолды бір уақытта болмауы керек.

Телеканал мәліметі бойынша, апаттан кейін жүрдек поездың төрт вагоны рельстен шығып кеткен.

XS
SM
MD
LG