Ссылки доступа

АҚШ-та бомбалаушы F-35 ұшағы сыналды


Америкалық көп мақсатты F-35 дәрежелі "көзге көрінбейтін" бомбалаушы жойғышы Нью-Мексико штатының White Sands полигонында сынақтан өтті. Оның түрлі модификациялары жақында құралып, пайдалануға беріледі.

Жаңа ұшақ өзге қарулы жүйелермен үйлесіп, бірде-бір оқ шығармастан, әрекеттер болып жатқан аймақтарға жетіп, ондағы әскери комплекстерді залалсыздандыруға құдыретті. Мәселен Ресей өздерінің әскери техникасын Шығыс Еуропаға және Таяу Шығысқа, ал Қытай - Оңтүстік Қытай мен Шығыс Қытай теңіздеріне қарай бағыттап отыр. Ал америкалық жойғыш ұшақтарының оларға төтеп беруіне мүмкіндігі зор.

Мысалы ресейлік С-400 "Триумф" зениттік-зымыран жүйесіне қарсы тұру. Сынақ кезінде F-35 ұшағын шығарған Lockheed Martin фирмасы көрінбей тұрған горизонттан тыс аэродинамикалық нысананы анықтап, оны станцияға жеткізген. Ал ол жақтан белгі зымыранды алып жүруші кемеге хабарланып, стандартталған зымыранның көмегімен нысананы жойған.

Америкалық әскерилер F-35 алыс қашықтықтан әуе және суасты зымырандардың көздеген нысанын анықтап, оларды дер кезінде залалсыздандыра алады дейді.

XS
SM
MD
LG