Ссылки доступа

Астана әскери-көлік ұшақтарын сатып алу үшін Мәскеумен келіссөз жүргізуде


Астана Ресейден «жалпы мемлекеттік қажеттілік үшін» жүк тасуға лайықталған екі ірі әскери-көлік ұшағын сатып алуды көздейді деп хабарлайды Қазақстанның қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

«Қазіргі уақытта "Казспецэкспорт" мемлекеттік кәсіпорыны ресейлік тарап өкілдерімен Ил-76МД-90А әскери-көлік ұшағын сатып алу мақсатында келіссөз жүргізіп жатыр»,-делінген баспасөз хабарламасында.

Ил-76МД-90А Ил-76 ұшағының жаңартылған түрі болып есептеледі.

XS
SM
MD
LG