Ссылки доступа

Штайнмайер: Украинадағы бітім бұл түні бұзылған жоқ


Германия сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайердың айтуынша, Украинаның шығысында жарияланған жаңа бітім жүйесін ешкім бұзған жоқ.

"Әзірге тұжырым жасауға ерте, бірақ ЕҚЫҰ бақылаушыларының кешегі түннің тыныш болғанын хабарлауы мені қуантып тастады", - деді министр Краматорск қаласына сапарында. Үкіметтің бақылауындағы бұл қала Украинаның шығысында орналасқан. "Бұл - саяси ерік болса, тараптар жағдайға бақылау жасай алатынын көрсетеді", - деді ол.

Украиналық қорғаныс министрлігінің өкілі Александр Мотузанюктың мәлімдеуінше, түн ауа жікшілдер бітімді алты мәрте бұзған. Бүлікшілер өкілдері болса өздеріне қарсы оқ атылғанын мәлімдеді.

14 қыркүйекте Донецк және Луганск облыстарындағы жікшілдер өз тарапынан оқ атуды доғарғанын жариялады.

Бұған дейін тараптар 1 қыркүйек - жаңа оқу жылының басталуына дейін оқ атпауға келіскен еді, бірақ бітім талаптарын ешкім орындамады. 2014 жылы сәуір айында басталған жанжалдан 9 600-ден астам адам қаза тапты.

XS
SM
MD
LG