Ссылки доступа

76 жастағы велошабандоз Каримов қабірін «кіші меккеге» теңейді


Өзбекстанда Наманган облысының 76 жастағы зейнеткері Хусан Ходжибаев Самарқанға Ислам Каримовтің басына құран оқу үшін, өзінің ескі велосипедімен 521 шақырым жол жүріп жетті.

Facebook әлеуметтік желісінің пайдаланушылары 76 жастағы ақсақалдың елдің тұңғыш президенті Ислам Каримовтің жатқан жеріне баруын, «кіші қажылыққа» баруымен теңеді.

Facebook'тегі «Тәшкент жүргізушілері» тобының қолданушылары Ходжибаевқа жаңа велосипед және тоңазтқыш сатып алу үшін ақша жинаған. Енді 76 жастағы ақсақал Хусан Ходжибаев әлеуметтік желі қолданушылары сыйлаған жаңа велосипедпен меккеге барғысы келеді.

«Каримов қабіріне бару мен үшін қажыға барғанмен бірдей болды. Самарқанға келіп, мен оның ата-анасы тұрған үйге бардым. Бірақ ол жерге бөтен адамдарды жібермейді екен. Мен тез кіріп-шығып үлгердім. Милиционерлер ештеңе демеді. Каримов қабірінің басына да, гүл қоюға жібермеді. Тек 1,5 метр қашықтықтан ғана көре алдым», - дейді зейнеткер.

Еске сала кетейік, Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримов 2 қыркүйекте инсульттан бақилық болды. Оны 3 қыркүйекте Самарқандағы Шахи-Зинда кесенесіне жерледі.

XS
SM
MD
LG