Ссылки доступа

Депортацияланған тәжік мигранттары Ресейге жаяу оралуға тырысуда


Құжаттарын өзгерту арқылы Ресейге қайта баруға тырысып келген депортацияланған тәжік мигранттары бұл жолы одан да қауіпті жолға тәуекел етуде. Олар Ресей шекарасынан жаяу өтуге тырысып жатыр.

Ресейдің Омск облысы прокуратурасы бес тәжік мигрантына қатысты тергеу жұмысын аяқтап, істі сотқа жіберді. Бұл мигранттар Қазақстан мен Ресей арасындағы шекараны жаяу кесіп өтпек болған.

Омск облыстық прокуратурасының өкілі Татьяна Булихова бес тәжік азаматы бір-бірімен Қазақстанның Петропавловск қаласына бет алған поезда танысқанын айтады. «Олардың бәрі бұрын Ресейден депортацияланған, бірақ қайтып оралғылары келген. Жолда олар Омск арқылы Ресейге кіруді жоспарлаған», - дейді Булихова.

Қазір олар қамауда. Тағы да басқа тәжік азаматы Молдова азаматымен бірге Беларусь пен Ресей арасындағы шекарадан өтпек болған. Олар да Злинковск ауданында ұсталған. Істерін Брянск соты қарап жатыр.

Тәжікстанның еңбек, миграция және халықты жұмыспен қамту министрлігінің Ресейдегі өкілі ​Ибрагим Ахмадов тәжік мигранттары заңды білмегендіктен осындай әрекетке барады дейді. «Егер олар шекарадан заңсыз өткеннен күннің өзінде, жұмысқа тұру үшін патент ала алмайды. Себебі, оларды қайтару алдында саусақтарының ізін алады»,-дейді ол.

XS
SM
MD
LG