Ссылки доступа

Өзбекстан Үңгір-Тоо басынан милиция қызметкерлерін алып кетті


Өзбекстан 18 қыркүйекте Үңгір-Тоо басынан милиция қызметкерлерін алып кетті. Бұл туралы Қырғызстанның Мемлекеттік шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады. Мекеме мәліметі бойынша, Қырғызстан мен Өзбекстан шекарашыларының келіссөздері барысында бұл туралы ресми түрде хабарланған.

Еске салайық, 22 тамызда қырғыз-өзбек шекарасының мәртебесі анықталмаған аумағындағы Үңгір-Тоо ретрансляторы құрылғысы маңына МИ-8 тікұшағымен Өзбекстан ІІМ-нің шамамен 7 қызметкері қонды. Осы оқиғадан соң Қырғызстан таулы аймаққа қосымша милиция күштері мен шекарашыларын жіберді.

Кейін қырғыздың шекара қызметі бұл тауға өзбек милициясының 15-20 қызметкері орналасқанын хабарлады.

24 тамызда Шекара қызметінің хабарлауынша, Үңгір-Тоодағы радиорелелік бекеттің төрт қызметкерін Өзбекстан милициясы алып кеткен. Бұл әрекетін олар қырғыздардың Өзбекстан шекарасын заңсыз кесіп өтуімен түсіндірген. 8 қыркүйекте Өзбекстан радиорелелік бекеттің төрт қызметкерін Қырғызстанға қайтарды.

XS
SM
MD
LG