Ссылки доступа

Мигрант-әке қызының сабағын скайп арқылы түгендеуге мәжбүр (видео)


Отец-гастарбайтер помогает дочери готовить уроки по скайпу
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:01:33 0:00

Тәжік Фирдавс нәпақа табу үшін Ресейге кетуге мәжбүр болды. Әйелі мен жеті жастағы қызы Сумая үйде қалды. Мектеп табалдырығын енді аттаған қызы әкесін ұмытып қалмас үшін, Фирдавс күнде кешкісін үйге скайп арқылы хабарласып, оның үй тапсырмаларын орындауға көмектесіп жүр.

"Әкем күнде хабарласады. Ол мектепке бардың ба, сабағыңды оқыдың ба, қандай әріп өттіңдер деп сұрайды", - дейді Сумая.

Әкесі қызының білім алғанын қалайды. "Мен оған жақсы оқы дедім. Алғашқы күндері ол біраз қиналды. Бірақ біз оған көмектесуге тырысып жүрміз. Құдай қаласа, қызымның жағдайы жақсы болады", - дейді Фирдавс.

Сумаяның сабағын үйде анасы мен әжесі қадағалайды.

Ресми емес мәлімет бойынша, әрбір сегізінші тәжік - еңбек мигранты. ЮНИСЕФ халықаралық ұйымының 2015 жылғы мәліметі бойынша, Тәжікстанда жас қыздардың 70,7 пайызы ғана 9 сыныптан кейін оқу жалғастырған.

Отец-гастарбайтер помогает дочери готовить уроки по скайпу
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:01:33 0:00

XS
SM
MD
LG