Ссылки доступа

Ашхабадта 2 млрд долларға салынған жаңа әуежай ашылды


Өткен сенбіде Түркіменстан астанасы Ашхабадта 2 миллиард долларға салынған жаңа әуежайдың тұсауы кесілді.

Әуежайдың ашылу салтанатына Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердымухамедов қатысты. Мемлекет басшысы заманауи аэронавигациялық техникамен жабдықталған жаңа әуе айлағы континенттің және құрлықаралық сауда-экономикалық байланыстың дамуына үлесін қосады деп атап өтті.

Ашылу салтанаты кезінде Ашхабад әуежайының жолаушылар терминалындағы күмбезіне салынған әлемдегі ең үлкен архитектуралық өрнегі үшін Гиннестің рекордтар кітабының куәлігін алды. Ою-өрнектің көлемі — 705 шаршы метр.

Түркімен астанасындағы жаңа әуежайды түріктің «Плимекс» компаниясы салған. Осының алдында аталған компания түркімен жеріндегі Олип қалашығын, бейтараптық Аркасын (Түркіменбашының алтын ескерткіші) Ашхабад телевизия мұнарасын, Түркіменбашы атындағы халықаралық әуежайды салған.

Компанияның ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, әуежайды салуға 2,2 млрд АҚШ долларын жұмсаған.

XS
SM
MD
LG