Ссылки доступа

Қырғыз президенті БҰҰ сессиясына қатысу үшін Нью-Йоркке барады


Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясының 71-сессиясына қатысады.

Бұл жөнінде президенттің баспасөз қызметі хабарлады. Ақпаратқа сәйкес, қырғыз президенті бүгін, 19 қыркүйекте ұшады. Әзірге онда қандай тақырыпта сөз сөйлейтіні белгісіз.

Еске сала кетейік, 13 қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясының 71-сессиясы ашылды. Ұйымның жыл сайынғы жарыссөзі 20 қыркүйекте басталып, 26 қыркүйекке дейін созылады.

XS
SM
MD
LG