Ссылки доступа

Риодағы Паралимпиада ойындарында Қытай құрамасы жеңіске жетті


Рио-де-Жанейрода 7-18 қыркүйек аралығында өткен XV-жазғы паралимпиада ойындары аяқталды. Ойындардың жабылу салтанаты жексенбіде «Маракана» стадионында өтті.

Халықаралық паралимпиада комитетінің төрағасы Филипп Крэйвен Бразилия халқына ойындар үшін алғысын жеткізды. Ол паралимпиада жалауын келесі ойындар (2020 жылы) өтетін ел – Токиоға тапсырды.

XV жазғы паралимпиада ойындарына әлемнің 160 елінен 4 мың спортшы қатысты. Олар спорт жарыстарының 23 түрінен 528 жүлдеге таласты.

Он бір күнге созылған жарыстың қорытындысы бойынша, Қытай 239 медаль (107 алтын, 81 күміс және 51 қола) алып бірінші орынға шықты. Ұлыбритания екінші орынды иеленсе, 117 медальмен Украина үшінші орын алды.

Қазақстаннан жүзу бойынша Зүлфия Ғабидуллин алтын медаль, Раушан Қойшыбаева пауэрлифтингтен күміс медаль иегерлері атанды.

Жалпы әлемнің 83 елінің спортшылары Паралимпиада ойындарының жүлдесін алды.

XS
SM
MD
LG