Ссылки доступа

БҰҰ сессиясына Өзбекстан делегациясын бас дипломат Абдулазиз Камилов бастап барады


Өзбекстанның сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов бастаған делегация 21-25 қыркүйек аралығында БҰҰ Бас Ассамблеясының 71-сессиясындағы саяси жарыссөзге қатысады.

Онда сыртқы істер министрінің бірқатар екі жақты кездесулері, жарыссөздерде сөз сөйлеуі қарастырылған делінген Өзбекстан сыртқы істер министрі баспасөз қызметінің таратқан мәлімдемесінде.

Еске сала кетейік, 13 қыркүйекте Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясы 71-сессиясының жұмысы басталды. Бас Ассамблея төрағасы бұл сессия БҰҰ-ның 2030 жылға дейінгі даму жобасының 17 мақсатын жүзеге асыруға ықпал жасау керек деп атап өтті. Жыл сайынғы жарыссөздер 20 қыркүйекте басталып, 26 қыркүйекке дейін созылады.

БҰҰ Бас Ассамблеясы БҰҰ-ның бас кеңесші органы. Оған Ұйымға мүше-мемлекет өкілдерінің бәрі кіреді. Олардың әрқайсысы бір дауысқа ие. Маңызды мәселелер бойынша, атап айтқанда қауіпсіздік, бейбітшілік, жаңа мүшелерді қабылдау бойынша қатысушылардың үштен екі дауысын қажет етеді. Ал басқа мәселер басым дауыспен шешіледі.

XS
SM
MD
LG