Ссылки доступа

Түркіменстан спортына елші жетекшілік ететін болды


Жергілікті баспасөздің хабарлауынша, президент Гурбангулы Бердымұхаммедов Түркіменстанның спорт жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы Какабай Сеидовты "басқа қызметке ауысуына байланысты" жұмыстан шығарды.

Мемлекеттік спорт комитетінің жаңа басшысы болып Тойли Комеков тағайындалды. Бұған дейін ол Түркіменстанның Әзірбайжандағы елшісі қызметін атқарған.

Халықаралық дәрежедегі футбол төрешісі Сейдов спорт комитетіне 2014 жылдың қыркүйегінен бері жетекшілік етіп келді.

Түркіменстан құрамасының Рио-де-Жайнеродағы Олимпиада ойындарында сәтсіз өнер көрсетуі президент Бердымұхаммедовтың ызасын туғызды. Мемлекет басшысы 26 тамызда министрлер кеңсесінің отырысында "әлемде біздің ел секілді бұл салаға қыруар ақша бөлген басқа мемлекет жоқ шығар" деп мәлімдеді.

Какабай Сеидовке қатаң сөгіс жарияланып, кемшіліктер аз уақытта дұрысталмаса қызметтен шеттетілетіні соңғы мәрте ескертілді.

XS
SM
MD
LG