Ссылки доступа

Қырғызстан президенті жүрек ауруына байланысты БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясына қатыспайды


Бішкектен Нью-Йоркке бара жатқан жолда Ататүрік атындағы әуежайға тоқтауды жоспарлаған Қырғызстан делегациясын бастаған президент Алмазбек Атамбаевтың денсаулығы сыр беріп, соған байланысты мемлекет басшысына алғашқы медициналық тексеру жүргізілді.

Президент аппаратының ақпараттық саясат бөлімінің хабарлауынша, науқасты қараған дәрігерлер мемлекет басшысының көкірек тұсы ауырсынуына байланысты шұғыл медициналық тексеру қажет деген тұжырым жасады. Дәрігерлердің алдын ала қорытындысы бойынша, қырғыз басшысының жүрегі ауырған.

Соған сәйкес президент Алмазбек Атамбаев медициналық тексеруден өтеді және біраз уақыт бойы дәрігерлердің бақылауында болады.

Мемлекет басшысы Қырғыз Республикасының Нью-Йорк қаласына БҰҰ Бас Ассамблеясының 71-сессиясына қатысуға бара жатқан делегациясын басқаруды елдің сыртқы істер министрі Эрлан Абдылдаевқа тапсырды.

XS
SM
MD
LG